Жаңалықтар тізбегі
0

"Қазпоштаның" экс-басшысы ҚР ІІМ вице-министрі болып тағайындалды

@yyedilov, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2020 23:12 @yyedilov
2017 жылдың 6 ақпанынан бастап "Қазпошта" АҚ Басқармасы төрағасы болып тағайындалған.

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мемлекет басшысының өкімімен Сәкен Сейтжаппарұлы Сәрсенов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды", делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Сәкен Сәрсенов 1977 жылы дүниеге келген.

Білімі, академиялық дәрежесі:

2000 жылы Мәскеу мемлекеттік авиация институтын "Ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері" мамандығы, 2011 жылы Еуразиялық гуманитарлық институтында "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек өтілі:

2000 жылы - ҚР Көлік және коммуникацилар министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің жетекші маманы ретінде мемлекеттік қызметкер.

2000 жылдың қараша айы мен 2003 жылдың қазан айы аралығында - ҚР Қаржы министрлігі "Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы" РМК ақпаратты қорғауды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі.

2003 жылы - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, мұнда ұлттық ақпараттық инфрақұрылым мен "электрондық үкіметтің" инфрақұрылымын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалар аясында жобаларды іске асыру мен мекемеаралық ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу мәселелерімен айналысты. Сол кезеңде "Жеке тұлғалар", "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер базалары, электрондық үкімет порталы, жылжымайтын мүлік регистрі, электрондық құжатайналымының бірыңғай жүйесі іске қосылды.


2008 жылдың сәуір айы мен 2009 жылдың қазан айы аралығында - "Қазақтелеком" АҚ-тың электрондық қызметтер жөніндегі басқарушы директоры. Бизнес-жобаларды дамыту мен Қазнетте жаңа интерактивтік және транзакциялық қызметтерді жасау бойынша жетекшілік етумен қатар ҚР-да электронды оқыту жобаларын іске асыру мен ұялы WiMAX технологиясының негізінде желі құру мәселерімен айналысты. Телекомнан инфокомға көшу тұжырымдамасын әзірледі


2009 жылдың қыркүйегінен бастап 2010 жылдың 30 наурызына дейін - ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет төрағасының орынбасары. Қылмыстық істердің электронды тіркеу жүйесін (электрондық ӨЕҚ) әзірлеп енгізді.

2010 жылдың наурыз айы мен 2012 жылдың қаңтар айы аралығында - ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің вице-министрі. Дәл осы кезеңде, 3G қызметтері, цифрлық спутниктік және эфирлік теледидар іске қосылды, сондай-ақ, 2011 жылдың 11 наурызында осы мекемеге тапсырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) жаңғыртылып автоматтандырылды.

2012 жылы 1 ақпанда - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің вице-министрі. Бұл лауазымда байланыс қызметтерінің тарифтерін төмендету мен мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жұмыстарын жалғастырып, 4G-дің іске қосылуын, MNP жобасының басталуын және де автомобиль иелеріне арналған арнайы ХҚКО-ларының ашылуын бақылады.

2014 жылдың сәуір айында - ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының бірінші орынбасары. ХҚКО, электрондық үкімет, IT және телекоммуникация салаларын дамытумен айналысты.

2014 жылдың 18 тамызы мен 2016 жылдың 21 мамыр айының аралығында - Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы, ҚР Инвестиция және даму министрлігінің вице-министрі.

2017 жылдың 6 ақпанынан бастап "Қазпошта" АҚ Басқармасы төрағасы болып тағайындалған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: