Өткен тәулікте коронавирустық пневмония бойынша 1 799 жағдай және 17 кісі өлімі тіркелді

kubnews.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2020 16:53 kubnews.ru
1 тамыздан бастап тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония науқастардың жалпы саны: 8 054.

Өткен тәулікте - 4 тамызда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 1 799 жағдайы анықталды, сондай-ақ одан 17 адам қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

1 тамыздан бастап тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның жалпы саны: 8 054 жағдай, кісі өлімі - 86.

Денсаулық сақтау министрлігі тәулік бойына тіркелген статистика, коронавирус инфекциясын растаған ПТР нәтижелері, өлім-жітімдердің жалпы саны туралы ақпарат, сондай-ақ КВИ-ді растамаған ПТР тест нәтиежелері күнделікті форматта ведомстваның ресми сайтында және әлеуметтік желідегі парақшаларда жарияланатындығын хабарлайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: