Жаңалықтар тізбегі
0

Жануарларға қатыгездік көрсету үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін 

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2020 21:43 Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
Қоғамдық талқылауға Мәжіліс депутаттары, еліміздің түрлі салалық қауымдастық, БАҚ өкілдері, тұрғындар қатысты.

Қазақстанда хайуанаттардың өліміне әкеп соқтырған әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу қажет, деп мәлімдеді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол бұл пікірді Парламент Мәжілісінің бір топ депутаттары әзірлеген "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасын қоғамдық талқылау нәтижесінде білдірді.

"Біз заңнаманы қатаңдатуымыз керек әрі Қылмыстық кодекске нормалар енгізуіміз қажет деп санаймыз. Егер жануарларға қатыгездікпен қарау фактілері тіркелсе, бұл өлімге, жарақат алуға әкеліп соқтырса, онда заңнаманы қатаңдатып, мұндай әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу қажет", - деді Мырзағалиев сәрсенбіде.

Ол соңғы кезде жануарларға қатыгездікпен қарау фактілері жиілеп бара жатқанын атап өтті.

"Жақында ғана БАҚ-та жануарларға қатысты жаға ұстататын қарым-қатынастың жаңа фактілері туралы жарияланды. Шымкентте ер адам көшеде балалардың көзінше мысықты атып тастаған. Ал Нұр-Сұлтанда белгісіз біреулер мысықты шарбаққа іліп қойған. Астанада тағы бір кішкентай бала мысықты ең үстіңгі қабаттан баспалдақтың аралығына лақтырған. Мұндай қатыгездік бірінші рет болып отырған жоқ", - деді М. Мырзағалиев.

"Біз осы саладағы жағымсыз көріністердің барлық түріне нақты заңнамалық тосқауыл қоюымыз керек. Ендігәрі қайталамайтындай етіп, заңбұзушыларды қатаң жазалауымыз керек. Өздеріңіз білетіндей, бүгінде мұндай қылмыстар үшін тағайындалатын жаза жұмсақ, қатаңдауды қажет етеді", - деді Экология министрлігінің басшысы.

Министр жануарларға қатыгездік танытудың соңы адамдарға қатысты қаталдыққа, одан әрі ауыр қылмысқа да, психикалық ауытқуы бар адамдардың пайда болуына алып келуі мүмкін екенін атап өтті.

Елімізде қылмыстық жазаны енгізумен қатар, М.Мырзағалиевтің пікірінше, қоғамда мораль заңдарын, барлық тіршілік иесіне адамгершілікпен қараудың нормаларын қайта құру қажет.

"Қоғамдағы гуманизмді, соның ішінде экологиялық сананы тәрбиелеу - бұл қазірдее біз атқарып жатқан және соның ішінде Білім министрлігімен бірге жалғастыра беретін ауқымды жұмыстың бір бөлігі ғана. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы бірнеше рет айтқандай, табиғат пен жан-жануарға ізгілікпен қарауды бала жастан бойға сіңіру қажет", - деді ол.

Қоғамдық талқылауға Мәжіліс депутаттары, еліміздің түрлі салалық қауымдастық, БАҚ өкілдері, тұрғындар қатысты.

Inucobo жануарларды қорғау жөніндегі республикалық қауымдастық басшысы Лилия Сәрсенова пікірталас барысында соңғы жылдары өңірлерде қаңғыбас жануарлардың санын азайту мәселесін шешу тұрғысында еш өзгеріс жоқтығын атап айтты.

Оның айтуынша, соңғы бірнеше жыл ішінде еліміздің бес өңірінде қаңғыбас жануарлар санының өсуі 21%. Ал хайуандады аулау мен жоюға бөлінетін бюджет қаражаты 53%-ке өскен.

"Жыл сайын әкімдіктер жануарларды аулау мен жоюға бюджеттен көп қаражат сұрайды", - деді ол.

Іс-шара барысында қатысушылар "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасының нормаларын жақсарту бойынша ұсыныстарын айтты. Тұрғындардың ұсыныстарын қабылдау процесі апта бойы жалғасады.

Мысалы, ұсыныстардың ішінде, кинологтарды оқытуға арналған арнайы оқу орындарын құру, қалаларда иттерді серуендететін жер белгілеу, т.б. бар.

Министрдің айтуынша, ілеспе заң жобасында 300-ге дейін норма енгізу жоспарланған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: