Атырау-Орал тас жолында тыйымға қарамастан кісі тасыған жолаушылар автобусы ұсталды

polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2020 22:37 polisia.kz
Түркістан облысының тұрғыны 35 жастағы жүргізуші Атырау-Шымкент бағыты бойынша 30 жолаушымен жолға шыққаны анықталды.

Карантин кезінде Атырау-Шымкент бағытында жолаушы тасымалдаған автобус анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 тамыз 19.30 шамасында Атырау полицейлері республикалық маңызы бар Атырау-Орал тас жолының 9 шақырымында жолаушылар тасымалдайтын автобусты тоқтатты. Тексеру барысында, Түркістан облысының тұрғыны 35 жастағы жүргізуші Атырау-Шымкент бағыты бойынша 30 жолаушымен жолға шыққаны анықталды. Атырау облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қалааралық жолаушылар тасымалдауға тыйым салынғанына қарамастан, карантин режимін бұзғандарға қатысты жинақталған құжаттар тиісті шешім қабылдау үшін Атырау қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: