Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда "шықпа" десе де көшеге шығып жүрген үй карантиніндегі науқастар бар - Бекшин

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2020 22:34 Pixabay
30 шілдеде № 54 қаулыда үй карантиніне жатқызылған адамдарды бақылау үшін шектеу шаралары енгізілген, бұл шамамен - 1300 адам.

Коронавируспен ауыратын, амбулаториялық емдеудегі және үй карантиніне жатқызылған алматылықтардың кейбірі сыртқа шығып, басқа азаматтарға ауру жұқтыру қаупін төндіруде. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Бүгінгі таңда Алматыда коронавирус ауруының 1 400 белсенді ошақтары бар. Бірақ үйде емделетін науқастардың бәрі бірдей оқшаулану ережелерін сақтамайды. Біз бір күн бұрын 200 науқасты тексердік, 23-і үйінде болмай шықты. Олар қала аралап, ауруды таратқан, - деді Бекшин.

Оның айтуынша, 30 шілдеде № 54 қаулыда үй карантиніне жатқызылған адамдарды бақылау үшін шектеу шаралары енгізілген, бұл шамамен - 1300 адам.

- Егер олар (амбулаториялық емдеудегі және үй карантиніне жатқызылған) үйінде карантинде болмаса, Әкімшілік кодекстің 425-бабына сәйкес, әкімшілік шаралар қолданылады, 30 АЕК көлеміне дейін айыппұл салынады. Егер бір аптаға төлесе, онда айыппұл - 41 мың теңге. Бірақ егер адам үй карантинін бұзып, ауруды басқаға жұқтырғаны анықталса, онда қылмыстық іс қозғалады. Симптомы білінбейтін науқастар да үйде емделуде. Біз оқшаулану талаптарын бұзушыларды карантиндік ауруханаға жібереміз, мәселен "Көктем" шипажайына. Егер үйде оқшаулануға жағдай болмаса, кішкентай балалар, қарттар, жүкті әйелдер және тағы басқа себептер болса, онда үй карантиніндегі адам өз еркімен бізге жүгіне алады. Әкімдікте барлық жағдай жасалған. Күніне 3 рет тамақ беріледі. Қазір 15 тәртіп бұзушы бар. Одан бөлек 3 адам өзі келуге ниет білдірді. Бұл - аурудың алдын алу шараларының бірі, - деді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: