Алматыда болған автобус апатына күдікті Әнел Сартаева үй қамаққа жіберілді
Сурет: ktf.kz
Алматыда адам өлімімен аяқталған автобус апатына күдікті үй қамаққа жіберілді. Бұған дейін Әнел Сартаева сот санкциясымен екі айға қамауға алынған еді. Алайда оның адвокаты төрт айлық сәбиі барын алға тартып, бұлтартпау шарасын өзгертуді сұраған. Бүгін сот бұл шағымды қанағаттандырды.
Осылайша тергеу изоляторынан шыққан Әнел Сартаева емізулі баласымен қайта қауышты. Қазір жантүршігерлік автобус апатына қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады КТК теларнасы.
Сол сәттегі қоғамдық көліктің жылдамдығын анықтау үшін сараптама тағайындалған.
Еске салайық, алдыңғы аптада қиылыстан өтіп бара жатқан KIA-мен жолаушылар автобусы соқтығысып, оғамдық көліктегі бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы 25 адам зардап шеккен.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript