Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО мектептерінің 60 пайызы жаңа оқу жылын онлайн режимде бастайды

ШҚО әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2020 04:49 ШҚО әкімдігі
109,6 мың оқушы немесе 58 пайызы компьютер алдында сабақтарын бастайды.

Шығыс Қазақстан облысындағы 312 мектепте оқыту қашықтықтан ұйымдастырылады. Бұл туралы тікелей эфир барысында аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

2020-2021 оқу жылында 109,6 мың оқушы немесе 58 пайызы компьютер алдында сабақтарын бастайды. ШҚО әкімінің айтуынша, ата-аналардың өтінініштері бойынша бастауыш сынып оқушылары кезекші сыныптарда оқи алады. Топта 15 адам болады. Барлық санитарлық шаралар қатаң сақталады.

Осы форматтағы оқыту жүйесіне сәйкес шамамен 5 319 топ ашылып, 55,6 мың оқушы білім алады.

Ағымдағы жылы қашықтықтан оқыту жүйесінің режимін түсіндіру мақсатында бірыңғай балалар сағаты мен бірыңғай ата-аналар дәрісі ұйымдастырылады. Бұл бағыттағы шаралардың қашан өтетіні туралы өосымша ақпарат беріледі.

Аймақ басшысының айтуынша, оқушылар қашықтықтан оқытуға қарамастан тегін оқулықтармен қамтамасыз етіледі. Ағымдағы жылы оқу материалдарын алу,а 1,5 миллион теңге бөлінген. Кітаптар Шығыс Қазақстанға 25 тамызға дейін жеткізіледі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2020 04:49

Қашықтықтан оқыту барысында бала мен педагогте компьютер болуы тиіс. Шығыс Қазақстанда оқушылар мен облыс мектептерінің мұғалімдерін компьютермен қамтамасыз ету мақсатында сараптама жасалынды.

Тікелей эфир барысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов өңірдегі мектептерде 33 200 компьютер бар екенін атап өтті. Ал оқушылардың 88 пайызы үй жағдайында компьютермен қамтамасыз етілген. 22,4 мың баланың онлайн режимде білім алуына техникалық жағдай жасалмаған. Сондықтан 17 мыңнан астам оқушы, ең алдымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларға мектептердегі компьютерлер беріледі. Кейін олар компьютерді мектепке қайтарып беруі тиіс. Сондай-ақ 197 педагог қажетті техникамен қамтамасыз етіледі.

– Мектеп жасындағы бірнеше бала мен ата-анасы қашықтықтан жұмыс істеп отырған балалар бар. Олардың дені бір компьютерді қолданады. Аталған мәселее мектеп әкімшілігінде талқыланады. 25 тамызға дейін облыс мектептеріне қосымша 9,5 мың бірлік компьютер сатып аламыз. Сонымен қатар өкіметтік қордан 26,5 мың бірлік техника алуға қаражат бөлу қарастырылып отыр. Бұл қаржы көзі балалар мен педагогтерге қажетті техниканы әперуге жеткілікті, - деді Даниал Ахметов.

Интернет мәселесі де шешімін табады. Бүгінгі күні 189 мың оқушының 18,3 мыңы интернетпен қамтамасыз етілмеген. Осы мәселені шешу үшін балаларға SIM карталар мен тарифтер қосылған жоғары жылдамдығы бар 5 620 роутер беріледі. Қалған 6 877 бала штаттық режимде білім алатын болады.

Бұдан бөлек, мектеп жасындағы балалар тұратын барлық елді мекенде интернет желісінің жылдамдығы артатын болады. Аймақ басшысының айтуынша, 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін 52 елді мекендегі интернет желісі жылдамдығын жоғарылатады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: