Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында Түймебаевтың өзі кілтін табыстаған жаңа үй сыр бере бастады

zakon.kz Сурет: zakon.kz
Қолаңса иістен қажыдық деген жұрт мұндағы кәріз жүйесіне күмәнмен қарайды.

Түлкібас ауданы Састөбе кентіндегі бұл үйдің бой көтергеніне екі жыл да болмаған. Көпқабатты үйге негізінен мүмкіндігі шектеулі жандар мен аз қамтылған отбасылар қоныстанған. Алғашында жаңа үйге қуана көшкен олар жағымды жаңалықтың көпке бармағанын айтады. Сырты бүтін үйдің ішінде көп ұзамай шикілік шыға бастапты, деп хабарлайды Отырар.

Қолаңса иістен қажыдық деген жұрт мұндағы кәріз жүйесіне күмәнмен қарайды. Сөздерінше, құбыр жасауда қателік кеткен. Кесірінен қалдықтар жуынатын бөлмеден көтеріліп, жұрт дәретке отырудан қалдық деп ашынады.

Айта кетейік, 1 және 2 үйдегі мәселе мұнымен бітпейді. Жалдамалы баспанада тұратын ел әлі күнге дейін қолдарына құжат түспегенін айтады. Бірақ, міндетті деп танылған 8000 теңгені үзбей төлеп келеді.

Ал, жауаптылар болса мәселе шешіледі деп сендіріп отыр. Сөздерінше баспанаға арналып жаңа кәріз жүйесі жасалуда. Көп ұзамай оның да құрылысы бітеді деген әкімдік өкілдері осыдан кейін елдің жағымсыз иістен арылатынын айтады.

Еске сала кетейік, Түркістан облысы Түлкібас ауданы Састөбе кентіндегі бұл баспаналар кілтін сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтің өзі келіп, салтанатты жағдайға тұрғындарға табыстаған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: