Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда коронавирустан жалпы саны 20 медицина маманы көз жұмды

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2020 19:58 24.kz
Ауруханалардың жүктемесі 13,3%.

Бұл туралы Astana Adaldyq Alańy аясында өткен тікелей эфирде Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

"Жұқпалы аурулар ауруханаларының жүктемесін 99%-дан 13,3%-ға жеткіздік. Қазір 362 адам ем қабылдауда. Бұл төмен көрсеткіш. Алайда өкінішке орай пандемия кезінде 267 адам көз жұмды. Оның ішінде медицина мамандары да бар. Нұр-Сұлтанда халыққа көмек көрсетіп жүрген 20 "ақ халатты" қайтыс болды. Олардың отбасыларына көңіл айтамыз", – деген басқарма басшысы пандемия кезіндегі ауруханалардың жүктемесі туралы сөз қозғады.

"Індет өршіп тұрған кезде денсаулық сақтау жүйесінің жүктемесі 3-4 есе артты. Күніне жедел жәрдемге 3500 қоңырау түсетін. Мамандар орта есеппен 2800 шақыртуға баратын. Бұл біздің техникалық мүмкіндігімізден де жоғары еді. Соған сәйкес науқастың коронавирусты жұқтырған немесе жұқтырмағанын анықтайтын ситуациялық орталық ашып, арнайы ботты іске қостық. Енді екінші толқынға дайындығымызды күшейтудеміз", – деді Тимур Мұратов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: