Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда соңғы 15 күнде ауру деңгейі 7 есе төмендеді – Надыров

Алматы қаласының әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2020 18:28 Алматы қаласының әкімдігі
Алматыда коронавирустан қайтыс болған адамдар саны – 195.

Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақтануда. Бірақ сонда да күзде мүмкін болатын COVID-19 вирусының жаңа толқынына дайындық бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Камалжан Надыров мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның сөзінше, эпидемияға қарсы тұру үшін барлық деңгейде жүйелі түрде жұмыстар күшейтілді.

– Пандемия басталғалы бері Алматы қаласында 13 742 COVID-19 жағдайы тіркелді. Соңғы 15 күнде ауру деңгейі 7 есе төмендеді. Егер шілде айының соңында тәулігіне 271 жағдай тіркелген болса, бүгінгі күні 40 жағдай анықталды. Коронавирустан қайтыс болған адамдар саны – 195. Барлығы 9 306 адам сауығып шықты, бұл дегеніміз жұқтырған жағдайдың 68% пайызын құрайды, - деді ол.

Қазір қала бойынша жалпы төсек-орын сыйымдылығы 5781 орынды құрайды. Ал стационарлардың жүктемесі 19% пайыздан аспай тұр.

– Қазіргі уақытта тәулігіне 60-тан астам науқас ауруханаға жатқызылады, салыстырмалы түрде бір ай бұрын ғана стационарларға 417 науқас келіп түсіп отырған, – деп қосты Надыров.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: