Горбачев Лукашенконың қай арада оңбай қателескенін атап көрсетті
Беларусь Республикасы Президенті Александр Лукашенко жұмысшы ұжымдардың қолдауына ертерек жүгінуі керек еді. Бұл туралы КСРО-ның соңғы президенті Михаил Горбачев "Комсомольская правдаға" берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Горбачевпен арадағы сұқбат барысында журналист одан "Беларусь еліндегі соңғы саяси оқиғаларды 1990 жылдың аяғында - 1991 жылдың басында КСРО-да болған ереуілдер мен наразылық қозғалыстарымен салыстыруға бола ма" деп сұрады. КСРО-ның экс-президенті ондағы жағдай мұндай салыстыруға "әлі жете қойған жоқ" деп атап өтті.
Беларусь Президенті еңбек ұжымдары алдында өте кеш шықты.
Лукашенко өзіне қолдау көрсету үшін өнеркәсіптік кәсіпорындары жұмысшыларының алдына шықты. Бірақ, тым кеш қалды, - деді ол.
Еске сала кетелік, кезінде Михаил Горбачев та өзіне қолдау көрсету үшін жұмысшылар алдына шыққан, бірақ ол күткен нәтижені бермеген еді.