Тоқаев Беларусь президенті Александр Лукашенконың сөзіне пікір білдірді

Тоқаев Беларусь президенті Александр Лукашенконың сөзіне пікір білдірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2023 14:19 Сурет: akorda.kz
Жақында Беларусь Республикасының президенті Александр Григорьевич Лукашенко Қазақстанға Одақтық мемлекетке қосылуды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев осыған қатысты пікір білдірді.

"Жақында Беларусь Республикасының президенті Александр Григорьевич Лукашенко Қазақстанға Одақтық мемлекетке қосылуды ұсынды. Мен оның әзіліне жоғары баға бердім. Басқа интеграциялық бірлестіктер, бірінші кезекте Еуразиялық экономикалық одақ бар болғандықтан, мұның қажеті жоқ деп ойлаймын. Ядролық қаруға келсек, оның бізге керегі жоқ. Өйткені біз Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа және Ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы шартқа қосылдық. Біз осы халықаралық құжаттар бойынша өз міндетімізге берік боламыз".Қазақстан президенті

Айта кетейік, бүгін президент жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды. Онда ол көктемгі егіс науқанымен танысу үшін «Дайындық Агро» ЖШС-ға қарасты егістік алқабын аралап көрді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: