Жаңалықтар тізбегі
0

Жалған полицейдің қатысуымен Instagram-да жарнама жариялағандар жазаланды

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2020 22:08 Хабар 24
Полицейдің арнайы белгілері мен символикасы бар киімі тәркіленді.

Алматы облысында жалған полицейдің қатысуымен жасалған жарнамалық ролик үшін ұйымдастырушыларға 1,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Instagram әлеуметтік желісінде автошиналар сататын дүкендердің бірінің жарнамалық бейнеролигі анықталды

Тексеру барысында бейнежазбадағы жігіт полицияға еш қатысы болмаса да, оның арнайы киімін киіп, өзін полиция капитаны ретінде танығаны анықталды. Сондай-ақ, ол тексеруге келгенін айтып, көліктің екі дөңгелегін сатып алып, камераға "...мен мына шиналарды не үшін сатып алдым" деп сұрайды.

"Полицейлердің арнайы нысанды киімін оған ешқандай қатысы жоқ азаматтардың пайдалануы орынсыз және роликтің қатысушылары мен ұйымдастырушыларының әрекеттері қазақстандық полицияның имиджіне нұқсан келтіріп, оның беделін түсірді деп санаймын. Аталған факті бойынша әкімшілік материал жинақталды және интернет жарнамаға түскен 29 жастағы актер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның әрекетінде ҚР ӘҚБК 675-бабында сәйкес құқық бұзушылық белгілері, яғни нысанды киім мен арнайы киім-кешекті заңсыз кию дерегі анықталды. Сонымен қатар, құқық бұзушының әрекеті ҚР ӘҚБК 73-3 бабының 2-тармағына сәйкес "жала жабу" дерегі үшін 650 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл немесе 25 тәулікке қамауға алу қарастырылған", - деді Алматы облыстық ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Чарапиев.

Сонымен бірге, Талдықорған қаласының 27 жастағы тұрғынының ұйымдастырушының екені анықталды.

Ол бойынша әкімшілік материал қалалық әкімдіктің Кәсіпкерлік бөліміне жолданды. Енді олар5а заңнамаға сәйкес тиісті шара қолданады.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған мазмұндағы жарнама әлеуметтік желілерден алынып тасталды және жалған полицейдің арнайы белгілері мен символикасы бар киімі тәркіленді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: