Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 244 жаңа жағдайы тіркелді
2020 жылғы 19 тамыздағы коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық жағдайдың мәліметтері жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.
Коронавирус инфекциясының 244 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде:
- симптомы барлар - 134,
- симптомы білінбейтіндер - 110.
Республикамыз бойынша осы күнге дейін КВИ-дің 103 815 жағдайы расталды, оның ішінде:
Алматы қаласында - 13962 (+24), Нұр-Сұлтан қаласында -13678 (+38), Атырау облысында - 10768 (+20), Қарағанды облысында - 9872 (+25), Шығыс Қазақстан облысында - 7890 (+27), БҚО-да - 6629 (+18), Шымкент қаласында - 5155 (+0), Алматы облысында - 4848 (+4), Жамбыл облысында - 4026 (+8), Солтүстік Қазақстан облысында - 3808 (+16), Павлодар облысында - 3702 (+3), Қостанай облысында - 3303 (+13), Маңғыстау облысында - 3285 (+7), Ақмола облысында - 3282 (+17), Қызылорда облысында -3216 (+1), Түркістан облысында - 3210 (+17), Ақтөбе облысында - 3181 (+6).