Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы: Босаңсуға болмайды

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2020 23:33 Ақорда
Былтырғы Арыс қаласында болған жарылыстан бүлінген нысандардың бірі темір жол бекетінің ғимараты болатын. Президент Түркістан облысына сапары барысында "Арыс -1" теміржол вокзалының қазіргі ахуалымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Былтырғы Арыс қаласында болған жарылыстан бүлінген нысандардың бірі темір жол бекетінің ғимараты болатын. Президент Түркістан облысына сапары барысында "Арыс -1" теміржол вокзалының қазіргі ахуалымен, Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысып, тұрғындармен кездесті.

– Шын мәнінде, орасан зор жұмыс атқарылды. Нәтижесі жаман емес. Мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлінді. Арыс қаласын қайта қалпына келтіруге еліміздің барлық аймағы атсалысты. Бұзылған ғимараттар жөнделді, жаңа үйлер салынды. Соның ішінде осы теміржол вокзалы да бар. Ғасырлық тарихы бар бұл ғимараттың қала тұрғындары үшін маңызды екені түсінікті, – деді Мемлекет басшысы.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2020 23:33

Президент былтырғы жарылыс кезінде барша қазақстандықтар Арыстағы ағайынның жағдайына алаңдағанын, еріктілердің көмекке келгенін, ұйымшылдықтың арқасында осындай ауқымды жұмыс атқарылғанын, бұл халқымыздың татулығының көрінісі екенін айтты.

– Баршаңыз көріп отырсыздар, қазіргі пандемия ахуалы ешкімге оңай тиіп жатқан жоқ. Көптеген елдер зардап шекті. Сондықтан біз де қатаң шаралар қабылдауға мәжбүр болдық. Қазір жағдай біртіндеп тұрақталып келе жатыр. Бұл – ең алдымен, дәрігерлердің еңбегі. Шұғыл шаралардың нәтижесі. Дегенмен әлі де сақтық шараларын ұстануымыз керек. Босаңсуға болмайды. Біз Арысты қалай бірігіп қалпына келтірсек, бұл дертті де солай бірлесіп жеңеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2020 23:33

Тұрғындар жарылыс болған күні шұғыл түрде түнделетіп ұшып келіп, халықпен кездесіп, жағдайды үнемі бақылауда ұстаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыстарын айтты. Жергілікті халық Арыс қаласы толықтай қайта жаңарғанын, бұл дер кезінде қабылданған шешімнің нәтижесі екенін, осындай сындарлы сәтте мемлекеттің қамқорлығын сезінгендерін айтып, ризашылықтарын білдірді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2020 23:33

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: