Мамин "Роскосмос" басшысымен кездесу өткізді

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2020 21:43 primeminister.kz
"Бәйтерек" бірлескен ғарыш зымыран кешенін ("Назарбаев старты") құру жобасына және БАӘ-мен бірлескен, "Гагарин стартын" жаңғыртудың үшжақты жобасына ерекше назар аударылды.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин "Роскосмос" ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Д. Рогозинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Екі тарап ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, оның ішінде "Байқоңыр" ғарыш айлағын одан әрі дамыту мен Жерді қашықтан зондтау саласындағы өзара іс-қимылды талқылады.

"Бәйтерек" бірлескен ғарыш зымыран кешенін ("Назарбаев старты") құру жобасына және БАӘ-мен бірлескен, "Гагарин стартын" жаңғыртудың үшжақты жобасына ерекше назар аударылды.

Кездесуге ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Б. Мусин қатысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: