Бір тәулік ішінде КВИ мен пневмониядан 15 науқас қайтыс болды

gazeta.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2020 15:42 gazeta.ru
13 адам коронавирустан, 2 адам КВИ белгісі бар пневмониядан көз жұмды.

Қазақстанда бір тәулікте КВИ мен пневмониядан 15 науқас қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

13 адам коронавирустан, 2 адам КВИ белгісі бар пневмониядан көз жұмды.

Пандемия басталғалы бері Қазақстанда 1 523 адам коронавирустан, 258 адам КВИ белгілері бар пневмониядан қайтыс болды.

Қазіргі уақытта елімізде 10 597 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 52-сі - балалар. Ауруханаларда 5 673 науқас, амбулаториялық деңгейде тіркеуде 4 924 науқас бар.
309 адамның жағдайы ауыр, 70-інің денсаулығы өте ауыр деп бағаланады, 50-і жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: