Жаңалықтар тізбегі
0

Екі полицей көпбалалы кісінің үйіне кіріп, бір қызына планшет сыйлап кетті

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2020 00:36 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Планшетке полицияның басшылығы пен бөлімше басшылары да ақша қосыпты.

Оқуда үздік нәтижеге қол жеткізу үшін Алматы облысының полицейлері көпбалалы отбасындағы бесінші сынып оқушысына планшет пен кеңсе тауарларын табыс етті, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысы Ескелді ауданының полицейлері жалпы жиналыс өткізу барысында аудандағы аз қамтылған көпбалалы отбасылардың біріне материалдық көмек көрсетуге шешім қабылдады. Көмекке мұқтаж отбасы бірден анықталды. Әли отбасы қолдау қажет ететіндер тізімінің жоғары жағында орналасқан. Аталған жанұяда әкесі бес баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. 2015 жылы ауру салдарынан бес баланың анасы көз жұмған. Отағасының тұрақты жұмысы жоқ, ол өз отбасын кездейсоқ табыспен асырап келеді.

Көпбалалы әкемен ақылдасқан тәртіп сақшылары бесінші сынып оқушысы Аяулым оқуда озат және білімге құштар, сондай-ақ жақсы оқу үшін оған заманауи планшет өте қажет екенін түсінді.

Заманауи құрылғының құнын анықтап, басшылық пен бөлімше басшылары сыйлық алуға өз үлестерін қосты. Жиналған ақшаға заманауи планшет пен кеңсе тауарлары алынды. Ескелді аудандық Полиция бөлімінің бастығы полковник Ж.Қ.Құдайбергенов, аудандық полиция бастығының орынбасары полиция майоры Н. Н. Солтубеков, сондай-ақ, ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры Е.А. Намазиманова Бақтыбай ауылының тұрғыны бүлдіршін қызға планшет пен кеңсе тауарларын, ал отбасы басшысына материалдық көмекті табыстап, ізгі тілектерін білдірді. Үлкен шаңырақтың иесі полицейлерге көмек пен мейірімділік үшін алғысын білдірді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2020 00:36

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2020 00:36

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: