Жаңалықтар тізбегі
0

Мәслихат депутаттары әкіммен сыйбайлас, олар бюджетті бірге мүжиді

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2020 17:31 видеодан кадр
Биліктің негізгі тұтқасы әкімнің қолында болғаннан кейін мәслихатта ешқандай құзырет жоқ.

Мәслихат депутаттары халықтың көзі, құлағы һәм тілі болғанның орнына әкімдердің сойылын соғып, айтқанынан шықпайды. Олардың көбі жергілікті бизнесмендер мен белсенділер. Бұл тенденцияны жою үшін мәслихаттардың құрамын жаңартып, оған ойы азат жастарды көбірек тарту керек. Саясаттанушы Ерлан Сайыровтың әлеуметтік желідегі жазбасы осыған саяды. Жергілікті жерлдердегі халық қалаулылары расымен "ләппай тақсыр" деп атқарушы биліктің алдында зыр жүгіре ме, әлде бас көтеріп қарашаның қамын ойлай жүр ме?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Біздің елде 216 мәслихат бар. Ол жерде 3 мыңға тарта депутат отыр. Олардың тек 2 проценті ғана жастар екен. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ерлан Сайыровтың пікірінше, бұл органға өзгеріс керек.

"Біз бизнесменге қарсы емеспіз, керісінше, бизнестің дамығанын қалаймыз. Өкінішке қарай, Маслихатқа депутат болған бизнесмендер жергілікті әкімнің сыбайласы болып шығады. Бюджетті бірге мүжиді, айтқанынан қайтпайды, кез келген құжатты бекіте береді. Осы шеңберді бұзу керек. Барлық деңгейде жас, принципті позициясы бар, мемлекетшіл тұлғалар келуі тиіс. 216 Маслихатқа әрбіреуінде сондай бір-екі тұлғаның отырғанының өзінде жағдайдың өзгеретіні анық", деп жазды ол facebook-те.

Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты Мирас Шекенов саясаттанушының пікіріне түбегейлі қарсы. "Біздің отырыстар бірауыздан қабылданды!" деген қол көтеретін жер емес дейді.

Мирас Шекенов, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты:

"Битва другим словом я не могу назвать. При тех же бюджетах идет не шуточная".

Қанша жерден битва болса да Украинаның Жоғарғы радасындағыдай төбелес жоқ мәслихаттарда. Болмай-ақ та қойсын. Себебі, ол жерде оқыған, тоғынан, сыйлы адамдар отыр.

Жұмамұрат Шәмші, қоғам белсендісі:

"Нұр-Сұлтан қаласындағы мәслихаттардың тізімін айтайын. ЕНУ ректоры Е.Сыдықов, аграрлық университет ректоры А.Күрішбаев, А.Мұсаходжаева Шабыттың ректоры, өңкей ректор, проректор, бизнесмен. Мәслихат депутаты дегеннің беделін көтеру керек. Айлық тағайындау керек".

Фейсбуктегі жазбада жергілікті мәслихатта "мәу"дейтін біреу болғанда қазіргідей қиын-қыстау кезеңде елордадағы Қабанбай батыр көшесінің жөндеуіне 97 миллиард теңге бөлінбес еді деп қынжылады автор. Мәслихаттан сұрадық. Аталған қомақты сома республикалық бюджеттің ақшасы екен. Астанаға еш қатысы жоқ. Жергілікті депутаттар бізді сынамас бұрын жұмысымызды көріңіздер деп қалды.

Мирас Шекенов, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты:

"Мәслихат депутаттары қала тұрғындарының қалаулары мен талаптары үшін жұмыс істеп жатқан азаматтар. Егер оларға қатысты басқа да алыпқашпа әңгіме айтылса онда азаматтардың өзі депутаттармен дұрыс байланыс орнатпаған деген сөз. Біздің барлық отырыстарымызды Фейсбук парақшамызға кіріп қарасаңыздар болады. Кез-келген талқылауға шығарылатын мәселе жан жақты талқыланады. Бірауыздан қабылданып кете береді деген жаңсақ пікір".

Саясаттанушы Дос Көшім мәселеге жүйелі түрде қарау қажет екенін айтады. Мәселе тек мәслихатта емес.

Дос Көшім, саясаттанушы:

"Биліктің негізгі тұтқасы әкімнің қолында болғаннан кейін мәслихатта ешқандай құзырет жоқ. Иә, оларға берілген әкімге сенімсіздік көрсету. Бірақ, оны ешкім жасамайды. Себебі, мәслихат депутаттарының көбі сол әкімдердің қолдауымен, тізімімен келетіні анық. Қысқасы біздің билік жүйесінде атқарушы билік бірінші орында тұр да, ал халық сайлап қоятын мәслихат, Мәжіліс екінші орында. Демек биліктің жүйесі бұзылуы керек. Жүйе бұзылмаса әкімнің айтқаны әр уақытта алтын болады".

Мәслихаттың деңгейін кеңесші, көмекшіден биік көтеруге әр азаматтың мүмкіндігі бар дейді. мамандар. Праймеризге қатысуға өтініштер қабылданып жатыр. Бәлкім буын өзгергенде барлығы басқаша болар деген пайымда олар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: