Интернеті жоқ ауылдың студенттері қаладағы жатақханаларға орналастырылады - министр
pixabay.com
Қазір оқу орындарының басшылары осы іспен айналысуда.
Интернеті жоқ ауылдардың студенттеріне қалаға келіп, жатақханада тұруына мүмкіндік беріледі, деп мәлімдеді ОКҚ-де өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, деп хабарлайды zakon.kz.
- Біз студенттерге жағдай жасадық. Қазір оқу орындарының басшылары осы іспен айналысуда. Интернет мүлдем жоқ және оқуға мүмкіндік жоқ ауыл студенттеріне жатақханада тұрып, оқуға мүмкіндік бердік, - деді Аймағамбетов БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап бере отырып.
Министрдің айтуынша, жоғары оқу орындарының жатақханалары жоғары жылдамдықты интернетпен, қажетті санитарлық талаптармен қамтамасыз етіледі.
- Университеттерге арнайы нұсқаулық пен ұсыныстар берілді. Студенттердің жатақхана қабырғасында білім алуы және онда тұруы үшін арнайы бағдарламалар дайындалады, деп сендірді министр.
Ол министрліктің құзыретіне шалғай ауылдардағы Интернетке қосылу мәселесі жауапкершлігі де енетіндігін еске салды, бірақ бұл мәселе тікелей Қазақстанның цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құзыретіне қарайды.
- Әріптестеріміз бұл бағыттағы жұмысты айтарлықтай байыппен атқаруда. Тек соңғы уақытта ғана елді-мекендердің жеткілікті көп бөлігі Интернетке қосылды. Бірақ, негізінен, 202 мың бала оқитын 2 652 мектеп бар, олар шалғай елді-мекендерде орналасқан, сондықтан ондағы оқушылар мектепке барып сабақ оқиды, - деп сөзін қорытындылады Білім және ғылым министрі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript