Жаңалықтар тізбегі
0

Орталық сайлау комиссиясы жаңадан сайланған сенаторларды тіркеді

Atameken Business Channel, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2020 18:05 Atameken Business Channel
Ортсайлауком әрбір депутатқа белгіленген үлгідегі куәлік пен төсбелгіні тапсырады.

2020 жылғы 28 тамызда 2020 жылғы 12 тамыздағы сайлауда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Отырысқа Парламент Сенатының сайланған депутаттары, сенаторлар Кеңесінің мүшесі Қуаныш Айтаханов, бейнеконференцбайланыс режимінде облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары, сондай-ақ онлайн режимде-бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Отырысты ашқан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Парламент Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі науқанның соңғы отырысы Конституцияның 25 жылдығы – Тәуелсіз Қазақстанның Негізгі Заңы қарсаңында өтіп жатқанын атап өтті.

Ортсайлауком мүшесі Серік Сыдықов "2020 жылғы 12 тамыздағы сайлауда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы" баяндама жасады.

Ол "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңға сәйкес Орталық сайлау комиссиясы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен Парламенттің сайланған депутаттарын тіркеуді жүргізетінін хабарлады. Ортсайлауком әрбір депутатқа белгіленген үлгідегі куәлік пен омырауға тағатын белгіні тапсырады.

Осыған байланысты "2020 жылғы 12 тамыздағы сайлауда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы"қаулы қабылданды.

Қаулы қабылданғаннан кейін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев тіркелген депутаттарға куәліктер мен төсбелгілерді табыс етті.

"Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес Парламент депутатының өкілеттігі оны Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутаты ретінде тіркеген кезден басталады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: