Жапонияның Үкімет басшысы отставкаға кетті
Globallookpress.com
Үкімет басшысы отставкаға кететінін жариялайтындығы жөнінде 28 тамызда таңертең белгілі болды.
Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ отставкаға кететінін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның кетуіне себеп - денсаулыққа байланысты проблемалар: саясаткерді көптен бері қинап келген ауруы асқынған, деп жазады Лента.ру.
Абэнің орнын басып қалуы мүмкін тұлға ретінде ел үкіметінің бас хатшысы Ёсихидэ Сугудің аты-жөні аталады.
Үкімет басшысы отставкаға кететінін жариялайтындығы жөнінде 28 тамызда таңертең белгілі болды.
Аурудың асқынуына байланысты ол 2007 жылы да премьер-министрі қызметінен кеткен, яғни алғаш рет Үкімет басына келгеніне бір жыл өткен соң.
2012 жылы Абэ тағы да сайлауда жеңіп, содан бері Жапония үкіметін басқарып келді. Ол өмірінің 2799 күні премьер-министр болыпты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript