Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Нығматулинмен кездесті

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2020 01:21 Ақорда
Мемлекет басшысы депутаттық корпус өз жұмысында Президент Жолдауы мен басқа да бастамаларды іске асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге, оның ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға басымдық беруі керек екенін айтты.

Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Мәжіліс депутаттарының бесінші сессиядағы жұмыс нәтижелері мен аймақтарға сапарлары, сондай-ақ, алдағы парламенттік сессия жұмысының негізгі бағыттары туралы ақпарат берілді.

Мәжіліс төрағасының айтуынша, депутаттар дәріханаларға, ауруханаларға арнайы барып, дәрі-дәрмектердің қорын тексеріп, оның бағасын бақылады. Сондай-ақ депутаттар еріктілер орталықтарының жұмысына да белсенді атсалысуда.

Қазіргі уақытта Палатаның заңнамалық қоржынында 75 заң жобасы бар, оның 22-не депутаттар бастамашы болған. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, олардың қатарында 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы, пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық өсімді одан әрі қалпына келтіруге, азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға және т.б. салаларға бағытталған заң жобалары бар.

Мемлекет басшысы депутаттық корпус өз жұмысында Президент Жолдауы мен басқа да бастамаларды іске асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге, оның ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға басымдық беруі керек екенін айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: