Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде Президентке тікелей есеп беретін жаңа агенттік құрылады

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2020 17:37 Pixabay
2021 жылдан бастап шенеуніктердің деңгейін анықтайтын балдық-факторлық шкала деген енгізіледі.

Қазақстанда жаңа агенттік құрылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 6-сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің 6-сессиясын ашқанда мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекет басшысы мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформалар мәселесіне тоқталды. Ол үшін, Тоқаевтың айтуынша, СЖРА - мемлекет басшысына тікелей есеп беретін Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі құрылуда.

- Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі. Осы саладағы реформалар жүйелі түрде жүргізіп отыру керек. Оны мемлекеттік басқаруға, кадр саясатына, шешім қабылдау жүйесіне және оларды жүзеге асырудағы жауапкершілікке деген көзқарастарды өзгертуден бастайық. Пандемия мен дағдарыс жағдайында қазіргі мемлекеттік басқару жүйесі максималды жылдамдықта жұмыс істейді. Шұғыл шешім қабылдау міндеттері көп уақыт пен ресурстарды талап етеді, бірақ мәселені босаңсытып алмау керек, сондықтан Президенттің алдында тікелей есеп беретін Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құруды жөн көрдім. Мұндай орган бұрын болған, алдына қойылған міндеттерді ойдағыдай жүзеге асырып келген, енді ол қайтадан бүкіл мемлекеттік жоспарлау жүйесінің орталық буынына айналады, - деді Тоқаев.

Президент мемлекеттік қызмет ешқашан жабық кастаға айналмайды деп уәде берді.

- 2021 жылдан бастап балдық-факторлық шкала деген енгізіледі. Бізге жаңа кәсіби кадрлар керек. Мемлекеттік қызмет жабық кастаға айналмауы тиіс. Осы жылдың соңына дейін "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға түзетулер бойынша құжаттарды қабылдауды тапсырамын, - деді Тоқаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: