Президент ықпалды тұлғаларға байланысты кейбір ЖОО-ларды жабу қиынға соғып жатқанын айтты

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2020 18:35 Pixabay
Мемлекет басшысы былтыр осындай оқу орындарын жабуға бұйрық бергенін еске салды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дипломдарды "басып шығарумен айналысатын" университеттер туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекет басшысы былтыр осындай оқу орындарын жабуға бұйрық бергенін еске салды.

- Бұл бағытта жұмыс қиын жүріп жатыр, табысты білім беру бизнесіне тартылған ықпалды тұлғалар барынша қарсылық танытып бағуда. Бірақ бұл мәселені шешу керек. Премьер-министр бұл мәселені айырықша бақылауға алуы керек, - деді Тоқаев.

Бұған дейін Қазақстан Президенті 6 жасқа дейінгі балаларды 2025 жылға дейін мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтамасыз ету туралы міндет қойған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: