Ақтөбеде бірнеше көше қиылыстарында жол қозғалысының тәртібі өзгерді
Ақтөбе облысы ПД ӘПБ жол және техникалық инспекциясы бөлімі "Ақтөбе қаласының жол қозғалысы қауіпсіздігін және цифрлық технологияларды қамтамасыз ету орталығы" КММ-мен бірлесіп, Ақтөбе қаласының көше-жол желісінің өткізу қабілетін арттыру мақсатында қозғалысты ұйымдастыруды өзгерту жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.
- Ә.Молдағұлова даңғылы мен Әбілқайыр хан даңғылының қиылысы, Ә.Молдағұлова даңғылы бойымен, Ибатов көшесі жағынан-3 жолақ тік, сол жаққа 1 жолақ, Маресьев көшесі жағынан -2 жолақ тік, сол жаққа 1 жолақ, 4-ші қарсы жолақ алынып тасталады;
- Ә.Молдағұлова даңғылы мен А.Жұбанов көшесі қиылысы, Ә. Молдағұлова даңғылы, Рысқұлов көшесіжағынан 3 жолақ тіке, сол жаққа бұрылуға тыйым салынады;
- Ә.Молдағұлова даңғылы мен С.Бәйішев көшесінің қиылысы, Ә.Молдағұлова даңғылы, Мәнгілік ел көшесі жағынан 2 жолақ түзу, сол жаққа бұрылуға тыйым салынады;
- "Самара-Шымкент" а/ж және С.Бәйішев көш. қиылысы ("Табыс" базарының ауданы), "Самара-Шымкент" а/ж бойынша, Сәңкібай батыр даңғылы жағынан-2 жолақ тік, сол жаққа бұрылуға тыйым салынады;
Бұдан басқа, Ә.Молдағұлова даңғылы бойынша 312-ші дивизия даңғылы мен "Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолы" а/ж қиылысында, сондай-ақ Ораз Тәтеұлы көшесі мен "Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолы" а/ж қиылысында 3.4 "жүк автокөліктерінің қозғалысына тыйым салынған"жол белгілері орнатылды.
Осыған байланысты көлік құралдарының жүргізушілерінен жүріп-тұру кезінде жол қозғалысының техникалық құралдарының талаптарын басшылыққа алуды және қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.