Жаңалықтар тізбегі
0

Сырдария ауданының әкімі тағайындалды

Қызылорда облысы әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2020 20:15 Қызылорда облысы әкімдігі
Гүлшара Әбдіқалықова жаңа аудан әкімінің қызметіне сәттілік тіледі.

Бүгін облыс әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Сырдария аудандық мәслихатының келісімдері бойынша Сырдария ауданының әкімі лауазымына Дүйсебаев Талғат Тұрсынұлы тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жаңа аудан әкімін таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Талғат Дүйсебаев 1973 жылы туған. Қызылорда политехникалық институтын "бухгалтер-экономист", Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін "заңгер" мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Жалағаш аудандық жасөспірімдер спорт мектебінде дене шынықтырушы ретінде бастаған.

1994-2004 жылдары Жалағаш аудандық білім бөлімінің есепшісі, Жалағаш ауданы әкімі аппаратының экономика және кәсіпкерлікті қолдау секторының бас маманы.

2004-2011 жылдар аралығында Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім бастығы, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болды.

2011-2017 жылдары - Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Жалағаш ауданының әкімі ретінде қызмет атқарды.

2017 жылдан бастап, осы кезге дейін Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

Гүлшара Әбдіқалықова жаңа аудан әкімінің қызметіне сәттілік тіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: