Жаңалықтар тізбегі
0

Теңгенің әлсіреуі, Навальныйдың улануы. Банкир түсінік берді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2020 20:47 zakon.kz
Белгілі болғандай, бүгін таңғы валюта саудасының қорытындылары бойынша теңгенің әлсіреу динамикасы байқалады. Ол рубльдің "мінез" көрстеуімен байланысты ма?

ҚР Ұлттық банкі Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов теңгенің айырбас бағамына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Белгілі болғандай, бүгін таңғы валюта саудасының қорытындылары бойынша теңгенің әлсіреу динамикасы байқалады. Ол рубльдің "мінез" көрстеуімен байланысты ма?

- Әлемдік нарықтарда АҚШ долларының нығаюы, күзде жоспарлы техникалық қызмет көрсету үшін мұнай өңдеу зауыттарының жабылуы және ОПЕК елдерінің мұнай өндірісі көлеміне біртіндеп оралуы 2020 жылдың 2 қыркүйегінде мұнай бағасына айтарлықтай қысым жасады. Бір күнде мұнай бағасы $ 1,20 немесе (-) 2,61% -ға төмендеді. Мұнай нарығындағы құбылмалы құбылысқа байланысты дамушы елдердің валюталары да құлдырады, мысалы, Индонезия валютасы 1,2%, Оңтүстік Африка валютасы 1% төмендед", - деді Нұржан Тұрсынханов.

Оның айтуынша, теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы мұнай бағасының құлдырауы және дамушы елдер валюталарының әлсіреуіне байланысты реакция танытқан: сағат 11: 00-де Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық кезінде бір доллар 420,35 теңге деңгейінде қалыптасты, бұл долларға шаққанда теңге бағамы алдыңғы күнмен салыстырғанда 0,44% төмен екенін көрсетеді.

2 қыркүйектегі Германия билігінің Алексей Навальныйдың "Новичок" тобының әскери жарақтан уланғаны туралы мәлімдемесінен соң еуропалық сессия барысында Ресей рублі күрт әлсіреді.

- Бұл мәлімдеме нарық ойыншыларында Батыс елдерінің санкцияны күшейту ықтималдылығына байланысты алаңдаушылық туғызды және соның салдарынан ресейлік валютаның 2,3%-ға әлсіреуі де инвесторларды дүрліктірді, деп атап өтті департамент басшысы.

Сонымен бірге, оның айтуынша, рубльге қатысты теріс фактор басқа дамушы елдердің валюталарына, оның ішінде теңгеге тікелей әсер еткен жоқ.

- Теңгенің әлсіреуі, атап өткенімдей, әлемдік нарықтағы АҚШ долларының нығаюымен және мұнай бағасының төмендеуімен байланысты, деп сөзін қорытындылады Нұржан Тұрсынханов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: