Жаңалықтар тізбегі
0

Құрылысшылардың бірыңғай техникалық тілі әзірленді

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2020 21:52 ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Қазақстанның құрылыстағы жіктеу және кодтау жүйесіндегі тәжірибесін ТМД елдерінің мамандары пайдаланады деп жоспарлануда.

Қазақстанда алғаш рет құрылыста жіктеудің және кодтаудың бірыңғай жүйесі (ҚЖКБЖ) әзірленді, ол құрылыс объектісі туралы сандық ақпаратты басқару мен құрылымдаудың негізгі құралы болып табылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл жүйе халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес құрылыс ақпаратын бірыңғай техникалық тілде жүйелеуге, басқаруға және алмасуға мүмкіндік беретін белгілеу жүйесі болып табылады.

ҚЖКБЖ-ін әзірлеуді құрылыс саласына құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу технологиясын (ҚОАМТ) енгізу шеңберінде Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының ("ҚазҚСҒЗИ" АҚ) мамандары орындады. ҚОАМТ объектіні құру идеясынан бастап оны іске асырумен аяқталатын, құрылыс объектісінің өмірлік циклінің (ҚОӨЦ) барлық кезеңдерінде ақпаратты басқаруға мүмкіндік береді.

ҚОӨЦ - нің әртүрлі кезеңдерінде объектінің ақпараттық моделін құру кезінде, мамандар алдыңғы немесе кейінгі кезеңнің жіктеу жүйесіне сәйкес келмеуі мүмкін құрылыс элементтерін жіктеудің өзіндік жүйесі бар әртүрлі бағдарламаларды пайдаланады, тиісінше құрылыс ақпаратының бір бөлігі бір өмірлік кезеңнен екіншісіне ауысқан кезде ішінара немесе толығымен жоғалуы мүмкін. ҚЖКБЖ бұл мәселені жоюға бағытталады.

Жалпы айтқанда, жүйеде 1000 - ға жуық санат бар, бұл ғимараттың құрылыс объектісінің әр элементін (шатыр, қабырғалар, төбелер және жер үсті жүйесі) техникалық және функционалдық мақсаты бойынша жіктеуге мүмкіндік береді.

Одан бөлек, "ҚазҚСҒЗИ" АҚ мамандары орындайтын жіктеу жүйесін баға белгілеуде қолданылатын ресурстық әдіс жіктеуішімен интеграциялау, болашақта құрылыс элементінің техникалық сипаттамаларын құндық көрсеткіштермен байланыстыруға және тиісінше объектіні модельдеу кезеңіндегі ағымдағы құнын айқындауға мүмкіндік береді.

Бірыңғай жіктеу жүйесі халықаралық стандарттар негізінде жасалғанын атап өткен жөн, бұл өз кезегінде шетелдік мамандармен бірге ақпараттық модельмен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, Қазақстанның құрылыстағы жіктеу және кодтау жүйесіндегі тәжірибесін ТМД елдерінің мамандары пайдаланады деп жоспарлануда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: