Жаңалықтар тізбегі
0

Темір жол билеттерін қайтару бойынша WhatsApp нөмірі ашылды

"Жолаушылар тасымалы" АҚ, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2020 22:07 "Жолаушылар тасымалы" АҚ
Стансадан пойыз жөнелтілгенге дейін 1 сағаттан кешіктірмей билетті қайтарған шақта ғана ақша 5 жұмыс күні ішінде төлеушінің картасына түседі.

Жол жүру құжаттарын (билеттерді) және ақшалай қаражаттарын қайтару үшін "Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушылардан келіп түскен өтініштерді қабылдап және мәселені жедел шешу мақсатында 2020 жылдың 3 қыркүйегінен бастап WhatsApp +7-707-270-36-64 мессенджерін іске қосты, деп хабарлайды zakon.kz "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Билеттер үшін төлемдерді қайтару тәртібі мен билетті сатып алу тәсіліне байланысты қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі:

- Стансадан пойыз жөнелтілгенге дейін 1 сағаттан кешіктірмей билетті қайтарған шақта ғана ақша қаражаты 5 (бес) жұмыс күні ішінде төлеушінің картасына түседі;

- Стансадан пойыз жөнелтілгенге дейін 1 сағаттан кем уақыт аралығында билетті қайтарған кезде ақша қаражаты жолаушының өтініші негізінде талап қою тәртібімен 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде жолаушының картасына түседі.

Билет құнын қайтара алмаған жолаушылар WhatsApp +7-707-270-36-64 нөміріне хабарласып, ақша қайтару мәртебесін сұрастыруларына болады.

Сұрау салуды жіберген кезде жол жүру құжатының (билеттің) нөмірін көрсету керек немесе билет кассасына жүгінген кезде жол жүру құжатының (билеттің) фотосуретін және жол жүру құжатын (билетін) қайтару туралы түбіртекті жіберу қажет.

Ұлттық тасымалдаушы темір жол билеттерін қайтару үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүк – багажды және почта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қағидаларына (бұдан әрі-қағидалар) сәйкес жүргізілетінін еске салады.

Ережеге сәйкес жол жүру құжаттарын (билеттерді) қайтару кезінде:

- пойыз жөнелтілгенге дейін 24 сағаттан кешіктірмей - жол жүру құжатының толық құны қайтарылады;

- кемінде 24 (жиырма төрт) сағат бұрын, бірақ пойыз жөнелтілгенге дейін кемінде 6 сағат бұрын – билет құны және плацкарт құнының 50% қайтарылады;

- пойыз жөнелтілгенге дейін кемінде 6 сағат бұрын және жөнелтілгеннен кейін 1 сағаттан артық емес – билеттің құны қайтарылады, бұл ретте плацкарттың толық құны ұсталады.

Пойыз жөнелтілгеннен кейін 1 сағаттан соң жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару жүргізілмейді және ақша қаражаты қайтарылмайды.

Жолаушылар пойызының қатынауы тоқтаған жағдайда жолаушылар жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтаруды ресімдеп, ақшалай қаражаттарын толық көлемде қайтарып ала алады.

Естеріңізге сала кетейік, жолаушылар жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатып алған орны бойынша қайтару керек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: