Үкімет қоғамның қобалжуын туғызған ресейлік вакцинаға қатысты түсінік берді
inform.kz
Вакцина үшінші кезеңінің сынағынан өткеннен кейін ғана сатып алынады. Ал қазір тестілеудің екі кезеңі ғана жүзеге асты.
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Ресейден вакцина сатып алу және оны жаппай қолданысына қатысты қоғамда туған алаңдаушылыққа байланысты пікір білдірді. Оның айтуынша, вакцина тестілеудің барлық кезеңдерінен өтпейінше, жалпыға қолданылмайды, деп хабарлайды zakon.kz.
- Н.Ф. Гамалей атындағы Ресейдің вирусология институты осындай вакцинаны бірінші болып тіркетті. Біз Ресей Федерациясындағы вирусология ғылымының жоғары деңгейін мойындаймыз. Сондықтан, биылғы жылдың 24 тамызында екі тарап үкіметтік делегация құрамы негізінде алдын ала келісімге қол қойдық. Оған сәйкес, Ресей Федерациясы вакцинаны, ең алдымен сатылатын мемлекеттер қатарына Қазақстанды да қарастыруды өз мойнына алады. Бірақ вакцина үшінші кезеңінің сынағынан өткеннен кейін. Қазір тестілеудің екі кезеңі өтті, - деді Скляр.
Оның айтуынша, желтоқсан айына дейін болжамды түрде аяқталатын үшінші кезең адамдардың кең ауқымын қамтиды.
- Барлық тиісті сынақтардан өткеннен кейін вакцинаны сатып алу туралы шешім қабылданады. Бұл келісім - барлық қажетті процедуралардан өткеннен кейін вакцинаны алуға білдірілген ниет және мүмкіндік, - деп сөзін аяқтады ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript