Жаңалықтар тізбегі
0

Кербұлақ ауданының полициясы мал ұрлығын тоқтатуға мықтап кірісті

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2020 18:31 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Кербұлақ ауданының полицейлері құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізуде.

Аудан халқының негізгі тұрмыс көзі ауыл шаруашылығы болғандықтан, тәртіп сақшылары мал ұрлығының алдын алу үшін кең ауқымды шараларды қабылдауда, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ауданда 233 мал шаруақожалығы бар. Аудан тұрғындарында 500 мыңға жуық мал басы бар. Қазіргі уақытта мал ұрлығының алдын алу мақсатында кешенді шаралар қабылдануда. Учаскелік полиция инспекторлары ауыл әкімдерімен бірлесіп, әр ауылға бейнебақылау камераларын орнату бойынша жұмыс істеп жасап жатыр", - деді Кербұлақ ауданы Полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ербол Ахметқалиев.

Полиция басшысының берген ақпаратына сәйкес, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда биыл тіркелген қылмыс саны 31,4 пайызға төмендесе, қоғамдық орында орын алған қылмыстар 50 пайызға азайған. Тәртіп сақшылары 8 ай ішінде 2016 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 31,2 пайызға артқан. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары бұған дейінгі жылдары тіркелген қылмыстарды ашу бойынша да көрсеткіштерін жақсартты.

"Тамыз айында 9 бас жылқыны ұрлап келе жатқан барымташы құрықталды. Күдікті қолды қылған жылқылар тәркіленіп, заңды иелеріне қайтарылды. Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің бұған дейінгі жылдары Кербұлақ ауданында орын алған екі мал ұрлығын жасағаны анықталды. Барымташының көрші орналасқан Көксу ауданындағы мал ұрлықтарына қатысы бары тексерілуде", - деп толықтырды полиция подполковнигі Ербол Ахметқалиев.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2020 18:31

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: