Жаңалықтар тізбегі
0

Ресей "Спутник V" вакцинасын азаматтарға таратайын деп отыр

Reuters, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2020 22:20 Reuters
Ресейде коронавирусқа қарсы жаппай егу биыл қазан айында басталады.

Ресейдің коронавирусқа арналған алғашқы "Спутник V" вакцинасының бірінші партиясы азаматтарға таратылады. Бұл туралы Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазды centralasian.org.

Ресей денсаулық сақтау министрлігінің Н.Ф.Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы дайындаған вакцина Росздравнадзор зертханаларында сапа сынағынан өтті, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі. Жақында вакциналардың алғашқы партиясы аймақтарға жөнелтіледі.

Ресейде коронавирусқа қарсы жаппай егу биыл қазан айында басталады. Қазір вакцина тіркеу алдындағы сынақтан өтіп жатыр. Оған 40 мың адам қатысады. Алайда олардың төрттен бірі препарат орнына плацебо қабылдайды. Тіркеу алдындағы сынақ екі айдан алты айға дейін созылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: