Спутник V вакцинасын Қырғызстан тіркеді
Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі ресейлік коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын тіркеуге алды, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.
Мекеменің баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, таяу уақытта халыққа вакцина егу басталады.
Ресейдің тікелей инвестициялау қоры "Спутник V" вакцинасының тиімділігі 95 процент екенін атап өткен. Бұл екпе Ресейдің Гамалеи атындағы ғылыми орталығында әзірленген.
Былтыр қараша айында қырғыз үкіметі вакцина сатып алуға қатысты Ресеймен келіссөз жүріп жатқанын мәлімдеген.
Кейін Оксфорд университетінде әзірленген AstraZeneca компаниясының вакцинасын алатын болдық деп хабарлаған.
23 ақпандағы мәлімет бойынша, Қырғызстанда COVID-19 вирусы жалпы 86001 адамнан анықталған. 1 460 науқас көз жұмған.