Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында жыл соңында мектептердің 84%-ы сымсыз интернетке қосылады

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2020 16:58 Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі
Қазір облыс оқушыларының компьютерлік техникамен қамтамасыз ету 60,9%-ды құрайды.

Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 156 мектепке 454 миллион теңге бөлінді. Нәтижесінде жыл соңына дейін 639 мектеп немесе барлық білім ошағының 84%-ы Wi-Fi технологиясы негізінде ғаламторға қол жеткізеді, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы, бүгінде облыстағы 760 мектептің барлығы компьютерлік техникамен жабдықталып, 100% ғаламторға қосылған. Оның 527 мектебі немесе 69,3%-ы жоғары жылдамдықты интернетке талшықты-оптикалық мыс кабелі арқылы, 233 мектеп яғни, 30,6%-ы спутниктік байланыс арқылы қосылған. Облыс аумағындағы 483 мектептің Wi-Fi технологиясы негізінде сымсыз интернетке қол жетімділігі артты. Бұл 63,5% құрайды,

Облыстық білім басқармасы берген мәліметтер бойынша білім ошақтарындағы компьютерлердің жалпы саны 50 мыңнан асады. Оның 40 мыңға жуығы немесе 79%-ы ауыл мектептерінде. Өткен жылы ақпараттандыру бағдарламасы бойынша бірнеше компьютер сатып алуға 376,9 миллион теңге бөлінсе, биыл мұғалімдерге компьютер сатып алуға 311,8 миллион қаржы қарастырылған. Білім ошақтары мен ұстаздарға компьютер сатып алуға жыл сайын қаражат бөлінсе де бұл көрсеткіш еш төмендемейді. Өйткені бұл санатты толықтырып отыратын оқушылар саны да артуда. Сондықтан тағы 40 мың компьютер сатып алу туралы шешім қабылданды. Оның 20 мың компьютерін сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 4 миллиард қаржы бөлінген. Қалған 20 мың компьютерді сатып алу үшін мемлекеттік-жекеменшік әрптестік (МЖӘ) жобасы аясында 5 миллиард қаржы қарастырылған.

Республикалық бюджеттен 8,6 миллиард теңгеден астам сомаға 55 мыңнан астам компьютерлік техника сатып алынады. Жалпы, бүгінгі таңда облыс оқушыларының компьютерлік техникамен қамтамасыз ету 60,9%-ды құрайды. Тағы бір айта кететін жайт, бүгінде облыстың білім беру мекемелерінде 69 ІТ-сыныптар құрылды. Биылдың өзінде 50 ІТ-сыныптарды жабдықтау үшін 476,8 миллион теңге бөлінді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: