Бір топ депутат Үкіметтен білім берудің қалыпты тәсіліне оралуды талап етті
Мәжілістің жалпы отырысында Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдаған депутат Ирина Смирнова қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып, білім берудің дәстүрлі форматына мүмкіндігінше тезірек оралу қажеттігін атап өтті, өйткені "уақытша" қашықтық жүйесі білім сапасы мен білім беру тиімділігінің төмендеуіне алып келеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Депутат атап өткендей, Конституция тегін орта білім алуды міндеттейді және оған кепілдік береді.
- Қазақстанның қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жоғары жауапкершілігін сезіне отырып, ол әлемдік қоғамдастықтан лайықты орын алуы үшін сапалы болуы керек екендігі түсінікті. Биыл белгілі жағдайлар бүкіл оқу жүйесін қашықтықтан оқытуға көшіруге мәжбүр етті. Бұл модель салыстырмалы түрде уақытша болып көрінген. Алайда, міне бесінші ай және екінші оқу жылы да біздің білім саласы қашықтықтан оқыту форматының бұғауынан шыға алмай отыр, - деді Смирнова.
Сонымен қатар, ол әр жылдары елімізде көптеген қорқынышты аурулар болғанын, бірақ мектептер ешқашан жабылмағанын және санитарлық талаптарға сай дайындық әрдайым классикалық түрде жүргізілетіндігін атап өтті. Бұрын ондай жағдайға бейімделу, оған дайын болу бүгінгі қарағанда әлдеқайда қиын болған. Соған қарамастан да бұрынғы кезде мұндай жағдайды үкімет еңсере алған.
- Қазіргі кезде тиімді қауіпсіздік шараларын қолданудың қолжетімділігі мен мүмкіндіктерін ескере отырып: санитарлық дәліздер, кварцтық шамдар, бөлмені тазартқыш сәулелі әрі ионды құралдар, бетперделер, санитайзерлер - бәрін пайдалануда, мектеп оқушыларын бір-бірінен 1-1,5 метр қашықтықта, парталар арасында жұмсақ бөгеттер орналатыстыру арқылы білім алуды мектеп қабырғасында өткізуге болады. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі мен Білім және ғылым министрлігінің аймақтық органдарының санитарлық қызметтерінің бұйрығымен көп оқушы мектепке, ал студенттер ЖОО-ға бара алмай отыр, - деп атап өтті мәжілісмен.
Оның айтуынша, осының бәрі білім сапасының төмендеуіне, оқушыларды оқытудың тиімсіздігіне, білімді игеру және жалпы елдегі құзыреттілік деңгейінің төмендеуіне әкеліп жатыр; білім берудің барлық субъектілерінің оқу процесінің деңгейі мен мазмұнын нашарлатуда, балалардың әлеуметтендіруіне кедергі келтіруде; әртүрлі әлеуметтік топтардағы балалар мен жастарды білім алу құқығынан айыруда, қоғамның әртүрлі таптары мен олардың маргиналдануы арасындағы алшақтықты арттыруда.
- Қашықтықтан оқыту біздің елімізде Германия, Франция, Ұлыбритания, Ресей, Қытай сияқты басқа елдердегі іс-шараларға қарама-қайшы жүргізілуде. Ең таңқаларлығы және парадоксальды нәрсе бұл оның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына да қарама-қайшы болуы. Мұндай тәсілдер, ең бастысы - азаматтардың денсаулығы қауіпсіздігі мәселесін шешпейді, оның үстіне қоғамды, бизнесті, жұмыс орындарын, азық-түлік пен экономикалық қауіпсіздікті жойып, бұзады, - дейді Смирнова.
Осыған байланысты коммунист-депутаттар қазіргі білім беру тәсілдерін түбегейлі өзгертуді және санитарлық нормаларды ескере отырып, білім беруді қашықтықтан әдеттегі режимге ауыстыруды талап етеді.
- Білім және ғылым министрлігі - әр баланың білім алуына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету. Әрбір білім беру ұйымы "Мұғалімнің мәртебесі туралы" және "Білім туралы" заңдардың ережелеріне сәйкес, мемлекеттік стандартты сақтау еркіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Денсаулық сақтау министрлігі ДДСҰ ұсыныстарының тек тыйым салу туралы ережелерін ғана емес, сонымен қатар шұғыл, мақсатты әрі нақты шаралар қабылдау арқылы туындаған өзекті мәселелерге жан-жақты жауап беру талаптарының да орындалуын қамтамасыз етсін.