Дамыған әлем Олимпиаданың адам құқығын бұзатын Қытайда өтпеуін талап етуде

Reuters, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2020 15:11 Reuters
Құқық қорғаушылар адам құқығы нашарлап тұрған Қытайда ойындар өткізу олимпиада беделін түсіреді деп есептейді.

Әлемнің 160-тан астам құқық қорғау ұйымы Халықаралық олимпиада комитетінен 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқа олимпиада ойындарын Қытайдан басқа елге ауыстыруды сұрады, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Құқық қорғаушылар адам құқығы нашарлап тұрған Қытайда ойындар өткізу олимпиада беделін түсіреді деп есептейді.

Бірқатар құқық қорғаушылар 2008 жылы Бейжіңде өткен жазғы олимпиада ойындары қытай билігіне аса сенімділік беріп, мұның соңы ұйғырлар мен өзге де этникалық азшылықты қуғындауға әкелді деп санайды.

Reuters агенттігінің жазуынша, ашық хат жолдаған құқық қорғаушылардың ішінде Қытайда тұратын ұйғыр, тибет және монғолдарды қорғайтын ұйымдар мен Гонконг тұрғындары бар.

ХОК әзірге бұл үндеуге жауап бермеді. Осыған дейін Associated Press агенттігінің Қытайдағы ұйғырлар құқығының бұзылып жатқаны жөніндегі сұраққа ұйым қандай да бір елді таңдағанда, комитет ол елдің саяси құрылымын қолдамайды деп жауап берген.

Қытай сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Чжао Лицзянь құқық қорғаушылар спортты саясиландырғысы келеді деп мәлімдеген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: