Жаңалықтар тізбегі
0

Мұғалімді өз функциясына кірмейтін жұмысқа міндеттеу үшін айыппұл бар

yvision.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2020 15:33 yvision.kz
Барлық педагогтар "Педагогикалық этика ережелерін" білуі қажет.

Алматы қаласының Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі департаментінің басшысы Гүлнар Ермекбаева өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында "Педагог мәртебесін" көтеруге бағытталған жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2020 жылдың 1қыркүйегіндегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты халыққа Жолдауында педагогтарға қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Қолдау шараларының бірі ретінде 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылданды. Сонымен бірге, педагог мәртебесін және жалпы қазақстандық білімнің мәртебесін арттыру мәселесіне көңіл бөлінген.

Гүлнар Ермекбаеваның хабарлауынша,бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірқатар стимул беру, мысалы, шәкіртақыны көтеру қарастырылған.

"Осы жылдан бастап ЖОО-на "Педагогикалық ғылымдар" мамандығы бойынша түсу балы 70-тен кем емес.Стипендияны 40 000 теңгеге дейін көтерді, осылайша аталған мамандық бойынша жоғары ұпаймен түсушілер саны көбейген", - деді Гүлнар Ермекбаева.

Одан бөлек, педагогтар арасында сағаттық жүктеменің әрқилы бөлінуін болдырмау мақсатында Алматы қаласының Білім департаменті педагогтар және басқа да тұлғалардан "Педагог мәртебесі туралы" заң талаптары мен педагогикалық этика ережесінің бұзылғандығы жөніндегі фактілер бойынша шағымдарды қабылдап, қарастырады.

"Педагогтардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылдануда. Заң нормалары мен педагогикалық этика ережелерінің сақталуына мониторинг жүргізіледі. Мұғалімнің құзыретіне кірмейтін функциялардың орындалуына және тексеруге қорғау қарастырылған. Сонымен қатар, әкімшілік жауапкершілік бар – педагогтың ар - намысы мен қадір-қасиетін қорлағаны үшін және мұғалімге оның функцияларына кірмейтін міндеттерді жүктегені үшін айыппұл бар", - деп түсіндірді Г.Ермекбаева.

Педагогты қызметтік және кәсіби міндеттеріне кірмейтін істерге; тауарлар мен қызметтерді сатып алуға мәжбүрлеу; мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтарын олар өздерінің кәсіби қызметтерін орындауы кезінде мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге жұмылдыру орын алған жағдайда, 20-дан 40 АЕК-ке дейін салынатын әкімшілік айыппұл қарастырылғанын атап өту қажет.

Өз кезегінде барлық педагогтар "Педагогикалық этика ережелерін" білуі қажет. Педагогокалық этиканы бұзу тәртіптік ерсі әрекет болып табылады. Ол үшін педагог Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларына сәйкес тәртіптік жауапкешілікке тартылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: