Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы ақаулы газ құбыры тұрғындарға қауіп төндіріп тұр

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2020 18:23 видеодан кадр
Сұйық отыннан секем алған тұрғындар қазір жұмысшылардың маңайын торуылдауда.

Алматыдағы көпқабатты үйдің тұрғындары "бір күнде күліміз көкке ұша ма?" деп қорқып отыр! Бұған себеп – нысанды бойлай жатқан газ құбырындағы ақау. Көгілдір отын кейде ауаға таралып, арты өртке ұласқан кездері де болыпты. Тіпті күйік шалған жандар да бар екен. Ал олқылықты тексерген мамандар болса мұны биогаз деп, істі жылы жаба салған. Бүгін түнде тұрғындар шикізаттың иісін сезе салысымен далаға қаша жөнеліпті, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап.

Оңтүстік шаһардың шырт ұйқыда жатқан отбасын газдың күшті толқыны оятқан. Не болғанын түсінбей қалған Светлана Поварова аз уақыттан кейін дәретхананың ішінен күйік шалған күйеуінің шығып келе жатқанын байқапты. Бірден жедел жәрдемге қоңырау шалған. Алайда, арада бір апта өткеннен кейін денесі күйіп кеткен отағасы, бұл жалғанмен қоштасқан. Мамандар дәретханадан шыққан биогаздың жиналуынан осындай жарылыс болды деген екен. Бірақ, күйеуінің сантехник болып ісиегенін алға тартқан Светлана мұнымен мүлде келіспейді.

Светлана Поварова, қала тұрғыны:

Дәл осы жерлерден қызыл жалынның шығып жатқандығын байқап, шүберекпен сөндірдік. Біздің газ құбырымыз үйдің басқа жағында орналасқан. Мамандар септиктен жиналған биогаздың әсері дейді. Бірақ, күйеуім сантехника болған, мұның барлығын өзі жасаған. Сондықтан қауіп-қатердің алдын алды деп ойлаймын.

Қайғылы жағдай өткен аптада болған. Ал, күні кеше түнгі 3 шамасында көршілері тағы да газдың сырқа шығып жатқандығын байқап қаша жөнелген. Өткен жылы жер астымен өткен пластикалық газ құбыр енді бәріміздің өмірімізге қауіп төндіруде дейді.

Айман Қалқабекова, қала тұрғыны:

Газдың атқылағаны сондай мысалы бірден ұшып кетуі керек анау тоқтамай жиналып тұрды. Бір қалыпты грибок болды. Содан біз мына жаққа шығуға қорқып, мына жер көк түтін көрінбейді әрі қарай даладан айналып далаға шықтық. Содан кейін білмеймін, жаңа айтып жатыр ғой "екінші толқынды күтіңдер" деп мазақ қылғандай кетті. Бұл деген сұмдық қой адамның тағдыры.

Қазір мұнда жұмысшылар газды толықтай ажыратып тастаған. Маңайда иіс әлі бар. Газ жолының асфальтін тесіп, тексеріп жатқан көрінеді. Ал, қайғылы жағдайға байланысты төтенше жағдай қызметі септиктегі жиналған метанның салдарынан деген қорытындыға келген. "ҚазТрансГаз" компаниясының қызметкері бұл туралы былай дейді.

Ғалым Бекен, " ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Алматы өндірістік филиалы өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы:

Апат орнына шығып ысырмаларды жауып газдың шығу қауіп басты. Ол жерде жол жасау жұмыстары кезінде үлкен ауыр жол жасау құралдары полителен құбырына үлкен салмақта әсер еткен болуы мүмкін. Қазіргі болжам бойынша. Тәжібаев көшесінде болған жағдайды ТЖ мамандары анықтап, ол жерде табиғи газ емес, су кәрізінен шыққан газдан болған деген сараптама бар.

Сұйық отыннан секем алған тұрғындар қазір жұмысшылардың маңайын торуылдауда. Өйткені, газдың құбырына деген күмәндәрі көп. Биогаздың салдарынан жарылыс болған дегенге сенбегендер, маңайды қатаң түрде тексеруді талап етуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: