Джеймс Бондтың көлігіне мінген сақалды Димаш желіге видео салды
11 жасынан бастап Швейцарияда тұратын, Қазақстандағы сұлулардың арманы - Димаш Әділет өз имиджін өзгертіп, Джеймс Бонд құсап ел алдына шықты, деп хабарлайды zakon.kz.
Атақты және бай буынның 28 жастағы өкілі сақал жіберіп, ертегідегі хас сұлу ханзадаға айналып шыға келген.
Осылайша сыртқы келбетін өзгерткен Димаш жаңа қырынан танылу үшін автосалонға бет алып, 1965 жылғы Aston Martin DB6 автокөлігіне отырды. Бұл коллекциялық көліктің бірі және Джеймс Бонд мінген машина ретінде танымал: "Джеймс Бонд, Голдфингер" (1964) фильмін тамашалағандар оны жақсы біледі. Димаш Әділет желіде жүктеген видеосында осындай көліктің бірі өткен жылы рекордтық сомаға, яғни 6,4 миллион долларға сатылғанын еске түсіреді.
Ал желідегі қыздар Димаштың қазіргі образына әбден тәнті. Олар оған сақалы өзіне жарасып тұрғанын айтады.