Жаңалықтар тізбегі
0

Арыстық келіншек үйінде орамал тігіп, айына 300 мың тауып отыр

Түркістан облысы ӨКҚ, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2020 20:59 Түркістан облысы ӨКҚ
Оның кәсібін жүргізгеніне 1 жылға жуықтаған.

Арыс қаласының тұрғыны Балнұр Төрехан қысқа мерзімді кәсіптік оқу оқып, тігінші мамандығын игерген. Кейін қайтарымсыз 505 мың теңге мемлекеттік грант жеңіп алып, үй ішінен кішігірім тігін цехын ашты. Арнайы тігін машинасын сатып алған ол сұранысқа орай, күніне 10 дана әйелдерге арналған түрлі орамалдар тігіп, оларды кемінде 2500 теңгеден сатады, деп хабарлайды zakon.kz.

Өзінің айтуынша, шығынын есептемегенде айына 300 мың теңге таза табыс табады. Оның кәсібін жүргізгеніне 1 жылға жуықтаған. Қазір ол үйде отырып ғаламтор арқылы өз бұйымдарын саудаға шығаруда.

Мемлекеттік қайтарымсыз грант игілігін көрген Арыс қаласының тағы бір тұрғыны Алым Оспанхан 2019 жылы жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 505 000 теңге қаржылай көмек алған. Ол өзінің фаст-фуд өнімдері туралы бизнес жоспарын 1 айлық курста шыңдап, мемлекеттік грантты жеңген. Қазіргі таңда жұмысы алға басып, келушілер қатары көбейген. Інісі екеуі ғана кәсіпті дөңгелетіп отыр. Кәсіпкердің айтуынша, қазір күніне шығынынан бөлек 20 мың теңге табыс табады. Алдағы уақытта Арыс қаласында фаст-фуд өнімдерінің желісін ашпақ.

Мұнда аталған бағдарламаны тиімді пайдаланып, өз кәсіптерін дамытып жатқан азаматтар қатары артуда. Биылғы жылға бөлінген 139 гранттың 80-і игеріліп, қазіргі таңда өз жұмыстарын жүргізіп келеді.
Айта кетейік, қайтарымсыз қаражат алып кәсіп ашқысы келетін әрбір азамат жұмыспен қамту орталығына барып толық ақпарат алуына болады. Бір ай бойы білім алып, бизнес жоспары мақұлданса, мемлекеттен бөлінген көмекке ие болады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2020 20:59

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2020 20:59

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: