Жаңалықтар тізбегі
0

Қуат Хамитов жұртты дезинфекция жасаушыларды ұрып, тікұшақтарды атуға шақырды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2020 23:29 видеодан алынды
Біз қазір соғыста жүргендейміз - Хамитов.

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов көшеде инфекцияны жою мақсатында зарарсыздандырушы сұйықтықты шашып жүргендер, керісінше коронавирус шашып жүр деп есептейді екен, сондықтан ол мұндай адамдарды ұрып-соғу керек деп мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның осы сипаттағы үндеу-видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр.

- Кеше ғана қайта дезинфекциялау басталды, халықты улау басталды. Сондықтан көшеден ондай адамды көрсеңіздер қолыңызға түскен нәрсемен, таспен, таяқпен ұрып тастаңыздар. Өтініп сұраймын. Адамдар халықты улауын доғару үшін. Ал көктен оны сеуіп жүрген тікұшақтарды көргендер болса, кімнің үйінде автомат бар, солар шығыңдар да атыңдар. Біз қазір соғыста жүргендейміз. Егер біз бір адамды тоқтатсақ, онда мыңдаған адамның жанын алып қаламыз. Сондықтан, вирустың қайта-қайта бой көтермесі үшін адамдар қолдан келгеннің бәрін жасаса деймін, олар тағы халықты уламаса деймін. Алға! - дейді Хамитов видеода.

ҚР ІІМ бұл мәлімдемеге қатысты жақын арада жауап болатындығын жеткізді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: