Жаңалықтар тізбегі
0

Зейнетақыңды шешіп алсаң 10% салық. Әлеуметтік қолдаудың мәні қайда?

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2020 21:49 zakon.kz
"Nur Otan" зейнетақы жинағын шешіп алу кезінде 10%-дық салық салудан бас тартуды ұсынды.

Салық кодексіне сәйкес қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының мерзімінен бұрын алынған бөлігіне 10 пайыздық табыс салығы салынатын болады, деп хабарлайды zakon.kz.

Осыған байланысты, партиялық куратор, Парламент Мәжілісіндегі "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшесі Артур Платонов зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу кезінде 10 пайыздық салық салуды алып тастау бойынша заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынды.

"Nur Otan" партиясы Мемлекет басшысының бастамасы, ең алдымен, халықты әлеуметтік қолдауға бағытталған, сондықтан зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану кезінде ерекше жағдайлар қарастыру қажет деп есептейді.

"Азаматтардың зейнетақы жинақтарын алу кезінде салық түрінде ұстауға жоспарланған қаражат мемлекеттің барлық экономикалық мәселелерін шешпейді, бірақ тұрғын үй мәселесін шешуде, мұқтаж азаматтарды емдеуде айтарлықтай көмек бола алады", - деді Артур Платонов.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында 2021 жылдың өзінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы өз жинағының бір бөлігін тұрғын үй алуға, емделуге немесе басқарушы компаниялардың иелігіне беруге пайдалана алуы міндетін қойды. Ел Президенті атап өткендей, бұл мәселе әсіресе, дәл қазір ерекше маңызды. Өйткені, азаматтардың "әлеуметтік әл-ауқаты, ең алдымен, баспана мәселесіне тікелей байланысты".

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: