Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқтатылған әуе рейстері бойынша тұтынушыларға 55,2 млн теңге қайтарылды

belnovosti.by, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2020 23:00 belnovosti.by
Ең танымал халықаралық бағыттар: Франкфурт, Лондон, Дели, Дубай, Анталья, Прага, Ыстамбұл.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің (ТҚҚК) тоқтатылған әуерейстер үшін тұтынушыларға ақшалай қаражатты қайтару бойынша жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТҚҚК-не барлығы 409 тұтынушы өтініш білдірді, жалпы сомасы 55,2 млн теңгеге 847 билет сатып алынған.

847 әуебилеттің 280-і халықаралық рейстерге сатып алынған, қалған билеттер ішкі рейстерге.

Ең танымал халықаралық бағыттар: Франкфурт, Лондон, Дели, Дубай, Анталья, Прага, Ыстамбұл, Тегеран, Токио, Сеул, Бангкок, Лас-Вегас, Краснодар, Москва, Сочи, Санкт-Петербург, Новосибирск, Батуми, Тбилиси, Астрахань, Киев, Екатеринбург, Душанбе, Бішкек болып табылады.

Бүгінгі күні ТҚҚК-не өтініш білдіргендердің тоқтатылған әуерейстері үшін жартысынан көбіне өз қаражаттары қайтарылды. Осы бағытта байланысты жұмыстар жалғасуда, ТҚҚК-ке жүгінген әрбір құқығы бұзылған тұтынушыға жәрдем көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, ТҚҚК-і "Бек Эйр" АҚ-на қатысты 3-ші талап арыз бойынша 212 билет сатып алған 108 азаматтың атынан жалпы сомасы 7,6 млн теңгеге, Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының қарауында жатыр.

Алғашқы сот отырысы 2020 жылдың 11 қыркүйегінде өтті. Келесі сот отырысы 2020 жылдың 29 қыркүйегіне тағайындалды.

Сонымен қатар, 2020 жылғы 18 қыркүйекте Алматы қалалық сотында азаматтық істер бойынша апелляциялық сот алқасында ТҚҚК бірінші талап арызы бойынша 2020 жылғы 17 маусымдағы "Бек Эйр" АҚ апеляциялық шағымы жөніндегі соттың шешіміне бірінші отырысы өтеді.

Сондай ақ, "Бек Эйр" АҚ-ға ТҚҚК-нің екінші талап арызы бойынша Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының 24 шілдедегі шешіміне аппеляциялық шағым берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: