Жаңалықтар тізбегі
0

Экономикалық тергеу департаментінің тергеулерін енді онлайн көруге болады

centersoveta.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2020 22:00 centersoveta.ru
Камералардағы бейне онлайн режимінде азаматтарды қабылдау және күту бөлмесінде орналасқан кеңформатты экран арқылы көрсетіледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті ғимараты мен оған іргелес аумақтар 40 бейнебақылау камерасымен жабдықталып, оның ішінде 8 бейнебақылау камерасы барлық тергеушілердің кабинеттерінде орнатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Енді тергеу амалдары жүргізіліп жатқан әрбір кабинет пен қызметтік орында бейнебақылау камералары орнатылып, олар департамент ғимаратындағы барлық іс-шараларды тәулік бойы тіркейді.

Камералардағы бейне онлайн режимінде азаматтарды қабылдау және күту бөлмесінде орналасқан кеңформатты экран арқылы көрсетіледі.

Әрбір келуші немесе ілесуші тұлға онлайн режимінде тергеу әрекеттерінің процесін бақылауға мүмкіндігі бар.

Жаңа енгізілім Заң үстемдігін, азаматтардың қауіпсіздігін, Департамент қызметкерлері жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге, дәлелдерді алудың рұқсат етілмеген әдістеріне жол бермеуге, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға және қылмыстық процеске қатысушылар шағымдарының санын азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Департамент ғимаратында, бейне тіркеуді қолдана отырып, тергеу әрекеттерін жүргізу мен азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау үшін жабдықталған «ашық жауап алу бөлмесі» жұмыс істейді.

Бұдан басқа, прокуратура органдарының бастамасы бойынша сотқа дейінгі тергеу сатысында негізгі шешімдерді келісу бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Бұл жоба азаматтардың конституциялық құқықтарына әсер ететін шешімдерді 2021 жылдан бастап прокуратураның келісуімен Президент Жолдауында айтылған тапсырманы орындау аясында енгізілуде.

Келісу электрондық форматта жүргізіледі, бұл заң бұзушылықтардың дереу жолын кесуді қамтамасыз етеді және адал азаматтар мен кәсіпкерлерді қылмыстық процесс шеңберіне тартуға жол бермейді.

2020 жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында елдегі бейнебақылау жүйесінің дамуына қарамастан, құқық қорғау органдарының ғимараттарында азаматтардың қауіпсіздігі мен заңның үстемдігіне кепілдік беруге мүмкіндік бермейтін «соқыр» аймақтар қалып отырғаны атап өтілген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: