Елімізде 2024 жылға дейін қандай жолдар ақылы болып кетеді - толық тізім

autonews.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2020 18:05 autonews.ru
Ақылы автожолдар тізімін "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ұсынды.

2024 жылдың соңына қарай Қазақстандағы 30-ға жуық жол магистральдары ақылы болады. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ақша төлеуге тура келетін жол учаскелерінің толық тізімін ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ұлттық компанияның баспасөз қызметі атап өткендей, жолдарды ақылы ету кезең-кезеңмен 2024 жылға дейін жоспарланған.

2021 жылы келесі автожоладарды ақылы ету жоспарланған:

Орал - РФ шекарасымен шектесетін жол (Саратов),

Қапшағай - Талдықорған,

Тараз - Қайнар,

Қызылорда - Шымкент - Тараз,

Шымкент - Өзбекстан шекарасымен шектесетін жол,

РФ шекарасымен шектесетін жол (Орынбор) - Ақтөбе-Қызылорда,

Ақтөбе - Орал - РФ шекарасымен шектесетін жол (Самара),

Павлодар - РФ шекарасымен шектесетін жол (Омбы),

Нұр-Сұлтан - Қостанай - РФ шекарасымен шектесетін жол (Троицк),

Ақтау - Бейнеу,

Атырау - Доссор - Бейнеу - Ақжігіт - Өзбекстан шекарасымен шектесетін жол,

Нұр - Сұлтан - Павлодар,

Павлодар - Семей - Қалбатау.

2022 жылы келесі учаскелер ақылы болады:

Петропавл - РФ шекарасымен шектесетін жол (Курган),

Теміртау - Қарағанды, Қарағанды облысы,

Щучинск - Зеренді,

Таскескен - Бақты,

Жетібай - Жаңаөзен.

2023 жылы келесі учаскелер ақылы болады:

Күрті - Бурылбайтал,

Үшарал - Достық,

Қарабұтақ - Рудный - Қостанай,

Ұзынағаш - Отар.

2024 жылы келесі учаскелер ақылы болады:

Қарағанды ​​- Балқаш,

Балқаш - Бурылбайтал,

Күрті - Қапшағай,

Талдықорған - Өскемен,

Қалбатау - Майқапшағай,

Мерке - Бурылбайтал,

Атырау - Орал,

Ақтөбе - Қандыағаш - Мақат - Доссор,

Атырау - РФ шекарасымен шектесетін жол (Астрахан),

Подстепное - Федоровка - РФ шекарасымен шектесетін жол.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: