Қазақстанда ақылы жолдар саны көбейеді
Фото: Zakon.kz
2026 жылы Қазақстанда ақылы автожолдар желісі кеңейіп, жол бойындағы қызмет көрсету инфрақұрылымы жеке инвестициялар есебінен дамытылады. Бұл туралы ОҚК брифингінде "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ақылы автожол инфрақұрылымын дамыту кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.
"Бүгінгі таңда елде жалпы ұзындығы 4900 шақырым болатын 26 ақылы жол учаскесі жұмыс істеп тұр. 2026 жылы тағы 6 жаңа ақылы учаскені іске қосу жоспарланған, олардың жалпы ұзындығы шамамен 2000 шақырымды құрайды. Сонымен қатар, жол жабынында ақау анықталған жағдайда ақыны уақытша тоқтату нормасы енгізілді. Қазіргі уақытта ұзындығы 477 шақырым болатын 15 учаскеде анықталған ақауларды жою жұмыстары жүргізілуде", – деді Дархан Иманашев.
Сонымен бірге ол республикалық автожолдар желісінде шамамен 1500 жол бойы қызмет көрсету нысаны жұмыс істеп тұрғанын айтты. 2026 жылы жеке инвестициялар есебінен тағы 37 жаңа нысан ашу жоспарланып отыр. Олардың ішінде 27 жанармай құю бекеті және 10 қоғамдық тамақтану орны бар.
Бұған дейін Көкшетауда колледж бухгалтері жымқырған ақшасына көлік пен пәтер сатып алғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript