ШҚО-дағы балалар үйлерінде "бұлтты бейнебақылау" қосылуда
Мемлекет Басшысының жыл сайынғы Жолдауында балалардың құқықтарын қорғау бойынша шараларды күшейту туралы айтылған тапсырмаларды орындау аясында прокуратура балалар үйлері мен интернаттарда бұлтты жазбаларды сақтайтын бейнебақылау жүйесін енгізуге бастамашылық танытты, деп хабарлайды zakon.kz ШҚО прокуратурасына сілтеме жасап.
Осы іс-шаралар балаларға қатысты құқыққа қарсы әрекеттерді болдырмау мақсатында облыс әкімдігімен бірлесіп іске асырылуда. Бұл бейнежазабаларды нақты уақытта көруге және оларды жою немесе өзгерту мүмкіндігінсіз 90 күнге дейін серверде сақтауға мүмкіндік береді.
Барлық келіп түскен ақпарат бұлтта Интернет желісіне қол жеткізусіз сақталады, бұл ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сай және деректердің таралып кетуіне кедергі келтіреді.
Бұл ретте жазбаларды қарауға тек балалар мекемесінің басшылығында ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік қорғау Басқармасының (балалар орталығы аталмыш ұйымның қарамағында) және облыс прокуратурасының қызметкерлерінде шектеулі қолжетімділік бар.
Бүгінгі күнде жүйе Аягөз балалар Орталығына қосылған. Ол үшін ғимаратта және аумақта бейнекамералармен қамтылмаған орындар анықталды, онда қосымша 17 бейнекамера орнатылды. Барлығы 62 камера жаңа қызметке қосылды.
Жақын арада бұлтты бейнебақылау облыстың тағы екі балалар мекемелерінде – Семей қаласының интернатында және Өскемен қаласының балалар үйінде орнатылады.
Сонымен қатар, барлық мекемелерде прокурорлар мен полицияның ұтқыр бекеттері құрылды. Мұның бәрі бақылауды күшейтуге және балалар үйінің тәрбиеленушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді арттыруға мүмкіндік береді.