Темекіні тағы қымбаттатқалы жатыр
Келесі айдан бастап Қазақстанда темекі өнімдерін сатудың жаңа шарттары жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды zakon.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.
Телеарна жаңа өзгерістерге байланысты темекі бағасы мерзімінен бұрын, онда да 6%-ке қымбаттайтынын хабарлады. Егер қазір бір қорап темекінің орташа құны 440 теңге болса, онда 1 қазаннан бастап ол 30 теңгеге қымбаттап, 470 теңгені құрайды.
- Келесі айдан бастап тауарларды сандық таңбалау басталады. Сатылымға енгізілген жаңа шарттар қосымша шығындарды талап етеді, - деді "ҚазАлкоТабак" қауымдастығының президенті Әміржан Қалиев.
Кәсіпкерлерге деректерді DataMatrix кодынан шифрланған тегті оқитын 2D сканерлерін орнату қажет. Онда хакерлерлік шабуылдан қорғау үшін өндіруші, сериялық нөмірі, пароль сынды ақпарат сақталады.
Мемлекеттік кірістер комитеті атап өткендей, цифрлық таңбалау тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сонымен қатар жалған тауарлардың қазақстандық нарыққа енуіне жол бермейді.
Қауымдастық өз кезегінде таңбалау заңды бизнесті ынталандыруға көмектеседі деп үміттенеді.
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір қорап темекі орташа есеппен 500 теңге тұратын болады, ал алты айдан кейін - 520 теңге. 2023 жылға қарай оны 600 теңгеге сатып алуға болады. Бұл - қазіргі таңбалауға емес, акциз ставкасының өсуімен байланысты баға саясаты.