Атырау облысында алты оттегі стансасы салынуда

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2020 19:20 24.kz
Облыстың емдеу-сауықтыру ұйымдарында жеке қорғаныш құралдарының​ екі айлық қоры бар. Дәрі-дәрмек қоры ​ жеткілікті.

«Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек ​ Қабдықапаров айтты» деп хабарлайды денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Атап айтқанда, ​ облыстық ауруханада, №2 облыстық ауруханада, облыстық кардиологиялық орталықта және Құрманғазы, Жылыой, Қызылқоға аудандық ауруханаларында орталықтандырылған оттегі стансасының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Индер, Исатай аудандық ауруханаларында оттегі стансасын орнатуды қаржыландыру мәселесі қаралуда» деді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек ​ Қабдықапаров.

Еске сала кетелік, облыстың медициналық ұйымдары бүгінде 224 ИВЛ аппаратымен, 27 рентген аппаратымен, 10 компьютерлік томография аппаратымен, 977 оттегі генераторымен және 1100 пульсоксиметрмен қамтамасыз етіліп отыр.

Облыстың емдеу-сауықтыру ұйымдарында жеке қорғаныш құралдарының​ екі айлық қоры бар. Дәрі-дәрмек қоры ​ жеткілікті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: